Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілді. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

         Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназия» ШЖҚ МКК  ақпараттық стенд жасалған, акцияның жұмысын көрсетеді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 191 оқушыға көмек көрсетілді.

АҚ «Форте банк» демеушілігімен 5  балаға  мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп сөмкесі таратылды.

Байқоңыр ауданының әкімдігінің демеушілігімен 40 оқушыға оқу құралдар мен мектеп сөмкелері таратылды.

Мектеп ұжымы атынан «Мектепке жол» акциясы аясында 100 000теңге көлемінде оқушыларға көмек көрсетілді.

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия атынан демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді.  

 

Әлеуметтік педагог:  Тулеген.Ф.Т.