| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Психологиялық қызмет жоспары |
«Психологиялық диагностика» – бұл адамның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Психодиагностиканың мақсаты:
Баланың психологиялық дамуын бақылау
Қиындықтарды ерте анықтау (мысалы, мазасыздық, оқуға қызығушылықтың төмендеуі)
Тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып қолдау көрсету
Оқушы, ата-ана және мұғалім арасында тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу
Кәсіби бағдар мен болашақ мамандықты таңдауға жәрдемдесу (жоғары сыныптарда)
Психологиялық диагностика ережелері:
1. Құпиялылық (Конфиденциалдық) : психологиялық диагностика барысында алынған барлық мәліметтер құпия сақталады. Оқушы туралы ақпарат үшінші тұлғаларға (басқа оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге) таратылмайды. Нәтижелер тек: мектеп психологына, ата-анаға (қажет болған жағдайда), сынып жетекшімен келісілген түрде ғана берілуі мүмкін.
2. Ата-ана келісімі
Психологиялық диагностика ата-ананың немесе заңды өкілдің келісімімен жүргізіледі.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметі қағидаларын бекіту туралы». ҚР Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде №36047 болып тіркелген.
Әсіресе жеке немесе тереңдетілген зерттеу қажет болған жағдайда, жазбаша рұқсат алынады. Келісім формасы арқылы ата-ана: зерттеуге баласының қатысатынын, нәтижелердің құпия түрде сақталатынын, психологпен кері байланыс алу мүмкіндігін растайды.