«Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар туралы» – бұл психологтың қызметін дұрыс жоспарлап, жүйелі түрде ұйымдастыруға және тиімді жүргізуге бағытталған жұмыс түрі.
Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстың мақсаты: мектептегі психологиялық қызметтің жүйелі, ғылыми-әдістемелік негізде жүргізілуін қамтамасыз ету, психологтың кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу-тәрбие процесіне психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
- Жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру;
- Әдістемелік құралдар, психодиагностикалық және түзету-дамыту бағдарламаларын дайындау;
- Психологиялық ағарту және профилактикалық іс-шараларды жоспарлау (семинар, тренинг, дөңгелек үстел, т.б.);
- Психологиялық қызмет бойынша есеп беру және талдау жүргізу;
- Педагогтер мен ата-аналарға арналған әдістемелік материалдар әзірлеу;
- Мектеп ұжымының психологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізу.
Ынтымақтастық бағыттары:
1. Педагогикалық ұжыммен:
Мұғалімдерге психологиялық кеңес беру, қиын оқушылармен жұмыс жүргізу әдістерін ұсыну, бірлескен шаралар өткізу.
- Ата-аналармен:
- Баланың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу жөнінде ұсыныстар беру, ағартушылық жұмыстар жүргізу.
2. Басшылықпен:
- Психологиялық ахуалды жақсарту, мектепішілік тәрбие мен оқыту жүйесіне психологиялық қолдау көрсету.
3. Құжаттамалар:
- Психологтың жылдық және айлық жұмыс жоспары;
- Психодиагностика, түзету, дамыту, кеңес беру жұмыстары бойынша есептер;
- Әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар топтамасы;
- Әр жас ерекшелігіне сәйкес дайындалған материалдар топтамасы.