Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Астана қаласы «Ж. Жабаев  атындағы №4 мектеп-гимназиясының» ШЖҚ МКК
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған  жұмыстар  2025 – 2026 оқу жылы

Мектебіміздің барлық сыныптарында «Заң мен тәртіп: менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

https://www.instagram.com/reel/DUzk2YvimhQ/?igsh=MWt3aXU3YWFhc3JyNg== 

Мектебімізде 7–11 сынып білім алушылары үшін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен түсірілген Закладчики. Мать деректі фильмі көрсетілді.  Іс-шараның мақсаты – оқушыларға есірткі қылмыстарының қауіптілігін түсіндіру,  заңға қарсы әрекеттердің ауыр салдарын көрсету және дұрыс өмірлік таңдау жасауға бағыт беру. Фильм барысында нақты өмірлік жағдайлар арқылы  бір қателіктің адамның тағдырына, отбасы мен  болашағына қалай әсер ететіні айқын көрсетілді.
https://www.instagram.com/reel/DUXmtMfiihz/?utm_source=ig_web_copy_link 

Мектебімізде ата-аналарға арналған «Қаржылық жауапкершілік» тақырыбындағы шағын дәріс табысты өтті. Дәріс барысында отбасылық бюджетті жоспарлау, қаржыны тиімді басқару, қаржылық қателіктердің алдын алу және балаларға қаржылық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Іс-шара ата-аналар үшін өте пайдалы әрі мазмұнды болды. Дәріс спикерлері: Жалғасова Айсұлу Жолдасбаевна - Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Ұйымдастыру-бақылау басқармасы басшысының орынбасары Нурбаева Асель Талғатбекқызы — №4 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының менеджері, «Халық Life» агенті, ICBT бизнес-тренері Берік отбасы — сауатты қаржылық шешімдерден басталады.

https://www.instagram.com/reel/DTSCiBUDTAO/?utm_source=ig_web_copy_link 
https://www.instagram.com/p/DTQO1sEDekp/?utm_source=ig_web_copy_link

«Заң және тәртіп», «Адал азамат» «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылар арасында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:

– оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
– құқық пен міндет ұғымдарын терең түсіндіру;
– жасөспірімдер арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

Іс-шараға қатысқан қонақтар:
ҚҚБ УПИ полиция майоры Омаров Наби
Полиция лейтенанты Сайдулла Ораз
ҚҚБ ЮПБ полиция капитаны Ратова С.Р.
Полиция капитаны Жақсылық Г.С.
Полиция лейтенанты Куанышбаева А.К.
 Ойын барысында оқушылар құқық пен міндетті ажыратып, заңды сақтау мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын терең түсінді. Интеллектуалды тапсырмалар арқылы өз білімдерін шыңдап, белсенділік танытты.
 Құқық – мүмкіндік,
ал міндет – жауапкершілік!
Осындай танымдық іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, адал әрі заңға құрметпен қарайтын азамат болып қалыптасуына жол ашады.
https://www.instagram.com/reel/DSSvGdbCsh9/?utm_source=ig_web_copy_link 

Байқоңыр ауданы ювеналдық полиция бөлімінің лейтенанты Ратова Сымбат мектептің 5–11 сынып оқушыларына арнап дәріс өткізді.
Дәріс барысында келесі тақырыптар қамтылды:
Пиротехникалық бұйымдар мен жарылғыш заттардың қауіптілігі;
Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері (қыс мезгіліндегі қауіпсіздік).
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру,
төтенше жағдайлардың алдын алу және заңға қайшы әрекеттердің салдары туралы түсіндіру.
https://www.instagram.com/reel/DSKcTSQiouG/?utm_source=ig_web_copy_link 

World Café – «Қайсарлық пен төзімділік» атты әкелер отырысы
«Ашық есік күні» аясында ерекше форматта өткен бұл аймақ — әкелердің тәжірибе мен тәрбиелік пікірлер алмасу алаңы болды. 
Отырыстың мақсаты – балалар бойында қайсарлық, төзімділік және мінез беріктігін қалыптастыру жолдарын бірге талқылау. 
Әкелер балаларына өмірлік ұстаным мен рухани қуат берудің маңыздылығын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сұрақ-жауап және пікірталас сәттері жылы атмосферада өтті.
Әке — отбасының тірегі, баланың алғашқы ұстазы.
Осындай кездесулер арқылы әкелер қоғамдағы рөлін одан әрі нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосты.
https://www.instagram.com/p/DPlM_aGDdOD/?utm_source=ig_web_copy_link 

Бүгін мектебімізде оқушыларға арналған танымдық жиналыс өтті.
Кездесуге:
Балаларды психологиялық қолдау орталығының бөлім басшысы – Тукеев Асхат Нұрбекұлы
"Байқоңыр" ауданының прокуроры – Берғалиұлы Қазбек
 "Байқоңыр" ауданының учаскелік полиция майоры – Омаров Нәби
Жасөспірімдер инспекторы – Ратова Сымбат Рахманбекқызы қатысты.
Оқушыларға құқықтық тәрбие, қауіпсіздік ережелері, жауапкершілік пен өзара сыйластық туралы маңызды ақпарат берілді. Балалар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, пайдалы кеңестерге ие болды.
Жиын барысында ерекше атап өтілген жайттар:
• Қылмыстық жауапкершілік – бұзақылық, күш қолдану, қаруды заңсыз пайдалану ауыр қылмыс болып саналады.
• Ата-аналардың жауапкершілігі – жасөспірім заң бұзса, бұл отбасыға да әсер етеді.
• Мектептен шығару жағдайы – төбелеске қатысу, тыйым салынған заттарды сақтау білім беру ұйымынан шығаруға себеп болады.
• Көмекке жүгіну – қиын жағдайда жалғыз қалмау керек. 111 байланыс орталығы, мектеп психологтары мен ұстаздар әрқашан қолдау көрсетуге дайын.
https://www.instagram.com/reel/DOqC8yeCrE0/?utm_source=ig_web_copy_link 

Мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы  ынтымақтастықты нығайту алаңы. Мұнда тәрбие, оқу процесі және  бірлескен іс-шаралар талқыланып, ортақ мақсатқа бірігу жүреді.
Бұл кездесуде басты назарға мектеп өміріндегі маңызды құндылықтар – Бірлік, Ынтымақ, Жауапкершілік және Әділдік алынды.  Ата-ана мен мектептің өзара қолдауы осы құндылықтарды нығайтып, балалардың дамуына жағдай жасайды.
Жиналыс барысында:
 мектеп директоры А.Е. Рамазанова ішкі тәртіп ережелері мен оқу процесіне қатысты баяндама жасады;
ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасы сайланды;
 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Е. Тулбакан мен М. Омаров тәрбие және қосымша білім беру бағыттары туралы ой бөлісті;
жасөспірімдер инспекторы С. Ратова балалардың қауіпсіздігі үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жайлы кеңестер берді.
Осындай кездесулер құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DOu0BJripsd/?utm_source=ig_web_copy_link

Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
2026 жылғы 14 қаңтар күні мектебіміздің акт залында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Тақырыбы:
«Сапалы білімге апарар жол: мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі»
Жиналыстың басты мақсаты – оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау барысында ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасының өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту.
 Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1 Білім сапасының ағымдағы деңгейі және қорытындысы
(Білім сапасының жартыжылдық қорытындысы)
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары — А.О. Шалабаева
2 Заң және тәртіп
(Мектеп ережесін орындау және құқық бұзушылықтың алдын алу барысында ата-аналардың жауапкершілігі мен қолдауы) 
 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Е. Тулбакан
3 Баланың қызығушылығын қалыптастырудағы психологиялық ахуал мен отбасы факторлары
️ Мектеп психологі — А. Мошке
 Жиналыс барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, бала тәрбиесі мен білім сапасын арттыру жолдарын бірлесе талқылады.
 Бала болашағы – мектеп пен ата-ананың ортақ еңбегі!
https://www.instagram.com/reel/DTfzpufCruX/?utm_source=ig_web_copy_link

Мектепішілік есепте, ІІБ, мектепішілік бақылау  тіркеуінде тұрған, «Тәуекел топ» жасөспірімдер мен  олардың ата-аналарымен жұмыс.

Себепсіз сабақ босатқан. Қыркүйек айынан бастап сабақты жиі босатқан. Оның себебі анықталып, ол қазіргі кезде мектепішілік есепте  оқушылар тізімінде тұр. 3 оқушы қалалық ІІБ-нің тіркеуінде 15 оқушы мектепішілік бақылауда. ІІБ –нің тіркеуі және мектепішілік бақылаудағы оқушыларға жеке тәлімгер тағайындалды. Әрқайсысы мектептен тыс уақытта үйірме, секцияларға қамтылды.  

Бұл тіркеудегі оқушыға қазіргі уақытта оқушының есепке алу парағы, оқушының жеке парағы, оқушыны есепке алу хаттамасы, оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, сол оқушымен (әр қайсысымен) атқарылатын жұмыс жоспары, мектеп психологімен, тәлімгерімен, сынып жетекшісімен, ата-анасымен сұхбаттасу жоспары, психологтің жүргізген жұмысының қорытындысы (әр оқушыға) сияқты жеке бақылау қағаздары толтырылды.

Әр ай сайын құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізіліп тұрады.  Кеңес барысында тәртіп бұзған оқушылар және олардың ісі жөнінде қаралады.

Оқушылардың сабақты себепсіз босатуын болдырмау мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  • әр сынып жетекші әр күнгі және апта бойғы оқушылардың сабақты босатуы жайлы есеп берді;
  • сабақ босатқан оқушылардың себебі анықталды (анықтама қағазының 
  • куәлігі бойынша);
  • ата-анасымен әр күні байланыс жасалды;
  • қажетінше тиісті шаралар қолданылды;
  • арнайы басталған оқушылардың сабаққа қатысуын тексеретін
  • журналдың бүтіндігі тексеріліп отырды.
Атауы Жүктеу
1 «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» онкүндігінің жоспары 13 - 25 қаңтар 2025 жыл
2 Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі