«ЖИ қазан»: сабаққа жаңа түс берейік!
«ЖИ қазан» аясында мұғалімдерге күнделікті сабақты қызықты өткізуге көмектесетін виртуалды аквариум таныстырылды. Оқушы тапсырманы орындап, өз балығын безендіреді, ал оның жұмысы ортақ аквариумның бір бөлігіне айналады. Осындай шағын шығармашылық сәттер баланың сабаққа қызығушылығын арттырады!
Кездесу спикері — @assel_creative
Виртуалды аквариумды өз сабағыңызда қолданып көріңіз:
https://aquarium.mrmot9i.com/
Бірге үйреніп, идеяларымызбен бөлісіп, әр сабақты оқушылар асыға күтетін сәтке айналдырайық!
16 сәуір күні Саурикова Гүлнар Жексылқызы жасанды интеллект туралы мастер-класс өткізді
Мұғалімдер жасанды интеллекттің жаңа түрімен таныстырылып, оның мүмкіндіктері мен тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
Кездесу өте мазмұнды өтіп, қатысушылар жаңа білім алып, тәжірибе алмасты
Мұндай шаралар кәсіби дамуға үлкен серпін береді.
Осындай пайдалы әрі қызықты шеберлік сабағы үшін алғысымызды білдіреміз


