«Психологиялық профилактикалық және ағартушылық жұмыс» – баланың психологиялық қиындықтарының алдын алу жұмысы, яғни мәселе туындамай тұрып, баланың эмоционалдық, мінездік және әлеуметтік дамуын тұрақты ұстауға бағытталады және оқушыларға, ата-аналар мен мұғалімдерге психологиялық білім мен мәдениетті арттыруға бағытталған жұмыс.
Психологиялық профилактикалық және ағартушылық жұмыс мақсаты – баланың тұлғалық дамуына жағымсыз әсер ететін факторлардың алдын алу, психологиялық қиындықтардың туындауына жол бермеу және оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын сақтау.
Міндеттері:
- Оқушылардың эмоциялық тұрақтылығын дамыту;
- Мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу;
- Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
- Мектептегі буллинг пен агрессияның алдын алу;
- Күйзеліс пен мазасыздықты жеңу жолдарын үйрету;
- Кәсіптік бағдар мен өзін-өзі тануға жағдай жасау.
Профилактика аясында жүргізілетін іс-шаралар:
- Психологиялық тренингтер мен сабақтар
- Әлеуметтік-психологиялық сауалнамалар
- Дөңгелек үстелдер, семинарлар, әңгімелер
- Ақпараттық жадынамалар мен кеңестер тарату
- Мектепішілік акциялар (мысалы, «Өмірге “Иә” деп айт!», «Буллингке жол жоқ», т.б.)