Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, сондай-ақ Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының ішкі тәртіп ережелері негізінде оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды назарларыңызға ұсынамыз.

Мектеп формасы – білім ордасының ішкі тәртібі мен корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі. Сондықтан барлық оқушылардың белгіленген талаптарға сәйкес мектеп формасымен келуі сұралады.

Негізгі талаптар:

Форма классикалық үлгіде, қою көк түсті болуы тиіс.

Ішкі киім – ақ түсті ұзын жеңді көйлек/жейде.

Галстук – қою жасыл түсті, мектеп логотипі тек галстукке орналастырылады.

Қыз балалардың юбкасының ұзындығы тізеден жоғары болмауы тиіс.

Ұл балалардың шалбар балағы тобықты жауып тұруы қажет.

Аяқ киім – классикалық қара түсті.

Дене шынықтыру сабағына арналған аяқ киімнің табаны ақ түсті болуы ұсынылады.

Мектеп формасы әрдайым таза, ұқыпты және үтіктелген күйде болуы тиіс.

Құрметті ата-аналар! Балалардың мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға қолдау білдірулеріңізді сұраймыз. Бірлескен жауапкершілік – оқушылардың тәртіпті, ұқыпты әрі мектеп мәдениетіне сай қалыптасуына ықпал етеді.

Ізгі ниетпен,Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының әкімшілігі