Астана қаласы «Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның» ШЖҚ МКК сынып жетекшілермен атқарылған жұмыстар
2025-2026 оқу жылы
Мектебімізде «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасының үлесі тақырыбында сынып жетекшілерге арналған семинар өтті.
Семинар барысында бағдарламаның мән-маңызы мен оны жүзеге асырудың басты бағыттары таныстырылды. Бұл бағдарламаның еліміздің жас ұрпағын жаңа заман талабына сай тәрбиелеудің кешенді жүйесі екендігі айтылды.
Бағдарлама негізінде әр ай – жеке құндылықты ашуға, әр апта – оқушы бойында жауапкершілік, салауатты өмір салты мен қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арналған сынып сағаттарымен толықтырылатыны түсіндірілді.
«Адал азамат – Біртұтас тәрбие» – жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, заманауи қоғамға бейімделген, адал еңбекке ұмтылатын азамат етіп қалыптастырудың нақты жолы екендігі атап өтілді.
Әрбір сынып сағаты ресми іс-шара ретінде ғана емес, баланың жүрегіне жол табатын тәрбиелік орта болуы қажет екендігіне баса назар аударылды. Осы орайда ұстаздар шәкірттерді адал да әділетті, еңбекқор әрі жауапты азамат етіп тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Тулбакан 2025-2026 оқу жылына ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының ерекшеліктеріне тоқталып, сынып жетекшілерге тәрбие жұмысының жоспарын құру бағытында әдістемелік нұсқаулар берді.
https://www.instagram.com/p/DNqvabXA4MC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2 қыркүйек күні мектебіміздің барлық сыныптарында
«Мектебім – мейірім мекені!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Оқушылар әр сыныпта түрлі іс-әрекеттерге қатысып, жаңа оқу жылын көңілді әрі мазмұнды бастады:
«Мен жазды қалай өткіздім?» атты ашық диалог өткізілді;
«Адал азамат болу деген не?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды;
«Балалар кітапханасы» аясында кітаппен жұмыс жүргізілді;
Презентациялар мен интербелсенді тапсырмалар қолданылды.
Бұл сынып сағаттары оқушылардың жаңа оқу жылына деген қызығушылығын арттырып, бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DOGIlWuisWk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
8 қыркүйек күні мектебімізде барлық сыныптарда «Family Vibes: Отбасы энергиясы / Біздің үйдің 5 ережесі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сабақ барысында оқушылар отбасы құндылықтары туралы ой бөлісіп, өз үйлеріндегі ережелерді талқылап, «Біздің үйдің 5 алтын қағидасын» жасақтады.
Әр сыныпта сенім мен сыйластыққа, бірлік пен жауапкершілікке негізделген қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында отбасына деген сүйіспеншілікті, сыйластық пен бірлік сезімін қалыптастыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DOU7AXNCqi4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Сергек күн – сәтті сабақ!»
Бүгін, 9 қыркүйек күні мектебімізде оқу-тәрбие процесіне енгізілген жаңа бастама аясында таңертеңгілік дене шынықтыру жаттығулары өткізілді.
Әр сейсенбі сайын сабақ басталар алдында 1–11 сынып оқушылары 3 минуттық жаттығуларды музыкамен бірге орындап, сергек көңіл-күймен оқу күнін бастайды.
Бұл дәстүр балалардың денсаулығын нығайтып, белсенді әрі нәтижелі оқуға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DOXenvcCnU6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 қыркүйек күні мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Тақырыбы: «Сөзбен де жаралауға болады…»
Сабақ барысында оқушыларға бір-біріне құрметпен қарау, жақсы сөз айту, достық қарым-қатынастың маңызы түсіндірілді. Әрбір сөздің қуаты бар екендігі айтылып, тілдің адам жүрегіне әсері талқыланды.
Сонымен қатар 10 минуттық Қауіпсіздік сабағы өткізіліп, мектептегі тәртіп пен қауіпсіздік ережелері еске салынды.
Бұл іс-шаралар оқушылардың бойында адамгершілік, сыйластық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DOm6CNNiiiv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде сабақ басталар алдында бірінші күнделікті дене жаттығулары өткізілді.
Бұл бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр.
Мақсат – оқушылардың денсаулығын нығайту, сергек көңіл-күймен сабаққа дайын болуына жағдай жасау.
Жас ерекшеліктеріне қарай бейнематериалдар және музыкалық сүйемелдеу қолданылды.
Оқушылар белсенділікпен қатысып, көңілді түрде жаңа күнге қадам басты.
https://www.instagram.com/reel/DOpiNX1ispo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
29 қыркүйек 2025 жылы мектебіміздің барлық сыныптарында «Superhero іздеме – өзің волонтер бол!» атты сынып сағаттары өтті.
Бұл күні әңгіме тек волонтерлік қызмет жайында ғана емес, сондай-ақ Қарттар күніне арналды. Оқушыларға үлкендерді құрметтеу, қарттардың өмірлік тәжірибесін бағалай білу, олардың еңбегін қадірлеу туралы тағылымды ойлар айтылды.
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел».
Қарттарға құрмет – ұрпақтың парызы, бірліктің бастауы.
Оқушылар аталар мен әжелерге көмек қолын созудың, жылы сөз айтудың өзі үлкен сауап әрі адамгершіліктің белгісі екенін ұғынды.
https://www.instagram.com/reel/DPK_6yaCmqU/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Денсаулық – басты байлық!
Әр сейсенбі күні таңертең мектебіміздің барлық сыныптары сабақ басталмай тұрып, бірлесіп дене жаттығуларын орындайды.
Бұл дәстүр оқушылардың сергек көңіл-күйін қалыптастырып қана қоймай, бірлік пен ынтымақтың құндылығын сезінуге мүмкіндік береді. Бірге жасалған әрбір қимыл – ұжымдық рухтың, достық пен татулықтың белгісі.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар».
Ортақ қимыл – ортақ қуат, ал денсаулық – табыстың кепілі!
https://www.instagram.com/reel/DPNhlicisFk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPfg4kZikG4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPxqNMmCr5I/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
13 қазан 2025 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында барлық сыныптарда «Сенің цифрлық көлеңкең: интернет сен туралы нені біледі?» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Бұл сабақтар «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында ұйымдастырылып, оқушыларға интернеттегі жеке деректердің құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
10 минуттық қауіпсіздік сабағында оқушылар:
өздерінің «цифрлық ізін» қалай бақылайтынын білді;
фишинг пен алаяқтықтан қорғану тәсілдерін талқылады;
интернет мәдениеті мен жауапты онлайн мінез-құлық ережелерін еске алды.
Мұндай сабақтар – балалардың саналы цифрлық азамат болуына және желідегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам!
https://www.instagram.com/reel/DPu_wrLikHk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында барлық сыныптарда, оның ішінде бастауыш сыныптарда да «Сенің цифрлық көлеңкең» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға интернет кеңістігінде қалатын цифрлық іздің маңызын түсіндіру, желіде өзін қауіпсіз ұстау мәдениетін қалыптастыру және жеке деректерді қорғаудың жолдарын үйрету.
Оқушылар желідегі жеке ақпараттың таралу қаупі, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік параметрлері және жауапты онлайн мінез-құлық туралы ақпарат алды.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақтарда интернетті дұрыс пайдалану, белгісіз адамдармен хат алмасу кезінде сақтық шаралары және экран алдындағы уақытты тиімді пайдалану жайында қызықты ойындар мен мысалдар арқылы түсіндірілді.
Әркім өз цифрлық көлеңкесіне жауапты екенін ұқты — интернетке жүктелген әрбір фото, пікір мен іздеу тарихы адамның виртуалды бейнесін қалыптастыратынын түсінді.
https://www.instagram.com/p/DPvdk4TjWI4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20 қазан күні мектебімізде барлық сыныптарда «Республикам – мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, ел тарихы мен рәміздерінің маңызы туралы әңгімелесті.
Балалар өз ойларымен бөлісіп, еліміздің дамуына үлес қосатын жауапты азамат болуға деген ниеттерін білдірді.
Сонымен қатар, «Қауіпсіздік сабағы» аясында 10 минуттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға мектептегі, көшедегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелері еске салынды.
https://www.instagram.com/reel/DQBArhVCgtx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DQBZ35SCgMd/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DQB9uWaiv7b/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен ел мерекесіне арналған ерекше сынып сағаты өтті.
Сабақ барысында оқушылар пазл құрастырып, оның артындағы туған жер туралы ән шумағын бірге орындады.
Бұл сабақ оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ел рәміздеріне құрмет пен бірлік рухын нығайтты.
Сынып жетекшісі – Ақанова Лаура Сәлібекқызына
https://www.instagram.com/reel/DQCGrV5Cps8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары күнін дәстүрлі таңғы зарядкамен бастады!
Музыка әуенімен көтеріңкі көңіл күйде өткен жаттығу балалардың сергектігін арттырып, оқу күніне шабыт берді.
https://www.instagram.com/reel/DQDrKlwCqWe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DQn9wGXinUE/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DQ5omV0ivfh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DRMGQKoiqzh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DRvuQB_iimy/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DRvxFatioP9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DRvxaW8ip64/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DRw5fnZCtac/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/p/DTcMheCjHj7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DTcnDnqikZe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DT_9iAJCjF5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DUSviEeCoso/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Мен ата-анамның мамандығын мақтан етемін» тақырыбында тәрбие сағаты
4-сынып оқушыларымен ата-аналардың қатысуымен «Мен ата-анамның мамандығын мақтан етемін» атты әсерлі тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз ата-аналарының мамандықтары туралы айтып, олардың еңбектеріне деген құрметі мен мақтанышын білдірді.
Ата-аналар өз кәсібінің қыр-сырын таныстырып, балаларға еңбексүйгіштік пен жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтты.
Бұл кездесу оқушылар мен ата-аналардың өзара байланысын нығайтып, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды.
https://www.instagram.com/reel/DQJsEQbijr1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
3 қараша күні, мектебіміздің барлық сыныптарында
жүрекке әсер еткен «Адал азамат» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті.
Бұл бір жай ғана тәрбие сағаты емес —оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді сіңірген ерекше кездесу болды.
Әр бала өз ісіне, сөзіне, таңдауларына ой жүгіртіп,
адал болудың — ең үлкен батылдық екенін ұғынды.
https://www.instagram.com/reel/DQlDDXuCtRX/?utm_source=ig_web_copy_link
Қаржылық сауаттылық: ақшаны басқару мәдениеті
10 қараша 2025 жылы мектебімізде барлық сыныптарда «Қаржылық сауаттылық: ақшаны басқару мәдениеті» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сабақ барысында оқушылар табыс пен шығынның айырмашылығын, ақшаны үнемдеп жұмсау және жауапкершілікпен басқару тәсілдерін талқылады.
Мұндай сабақтар балалардың ерте жастан өз қаржысын дұрыс жоспарлап, саналы тұтынушы болуына бағытталған.
Сонымен қатар, «Қауіпсіздік сабағы» аясында оқушыларға интернеттегі және күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
https://www.instagram.com/reel/DQ3EzfFinXH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сынып сағаты: «Жақсы ұйқы + пайдалы ас + спорт = бұл менің таңдауым!»
(«Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында)
Бүгінгі сынып сағатында оқушылар салауатты өмір салтының үш басты тірегін талқылады:
Тиімді ұйқы – энергияның бастауы,
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі,
Спорт және қозғалыс – күш пен көңіл-күйдің көзі.
Әр оқушы өз таңдауының маңызын түсініп, күнделікті өмірінде салауатты әдеттер қалыптастырудың жолдарын бөлісті.
Топтық пікірталас, қызықты тапсырмалар, өзіндік рефлексия – барлығы да балаларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігін тағы бір мәрте көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DRJHq5GionQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Адал азамат» – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында сынып жетекшілерге арналған сынып сағаттарының жүргізілуі
21.11.2025 жылы мектебімізде сынып жетекшілерге арналған «Адал азамат» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламаларының талаптарына сәйкес тәрбие сағаттарын тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік жұмыс өткізілді.
Іс-шара барысында сынып жетекшілер:
тәрбие сағаттарының мазмұнын «Адал азамат» құндылықтарымен үйлестіру жолдарын талдады;
оқушыларға адалдық, жауапкершілік, тәртіп секілді қасиеттерді дарытудың тиімді әдістерін қарастырды;
тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған заманауи тәсілдермен танысты;
тәжірибе алмасып, сыныптағы тәрбиелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ортақ шешімдер қабылдады.
Бұл жұмыс — мектептегі тәрбие процесін біріздендіру, сапалы орта қалыптастыру және әр сыныпта «Адал азамат» моделін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Сынып жетекшісі — оқушы тәрбиесіндегі басты тұлға.
Ал дұрыс бағытталған тәрбие — болашақтың берік іргетасы.
https://www.instagram.com/reel/DRXaJBcijOo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өмірге салауатты қадам» жобасы жалғасуда!
Бүгін мектебімізде барлық сыныптарда «Жақсы ұйқы + пайдалы ас + спорт = бұл менің таңдауым!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сабақтың мақсаты — оқушылардың күн тәртібін дұрыс қалыптастыру, денсаулық сақтаудың қарапайым әрі маңызды қағидаларын түсіндіру және қауіпсіз өмір салтын ұстануға бағыттау.
Сонымен қатар, әр сыныпта 10 минуттық қауіпсіздік сабағы жүргізіліп, балаларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздіктің маңызы түсіндірілді.
10 «А» сыныбының тәрбиелік сабағы
Жетекшісі — Атығаева Динара Қалдыбайқызы
https://www.instagram.com/reel/DRb94V1CkF-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде «Жақсы ұйқы + пайдалы ас + спорт = бұл менің таңдауым!» тақырыбындағы сынып сағаттары барлық параллельдерде өтті!
Бүгін 9 «Б» және 9 «Ж» сыныптарында да аталған тәрбие сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сабақты өткізгендер:
Хамидуллина Агипа Мұхаметқалиевна
Кашаева Арайлым Айдаровна
Оқушылар:
дұрыс ұйқы режимінің маңызын;
пайдалы тағам таңдаудың себептерін;
спорттың денсаулыққа тигізер пайдасын талқылады.
Балалар қауіпсіз өмір сүру дағдыларын меңгеріп, өз денсаулықтары үшін жауапкершілікпен таңдау жасаудың маңызын түсінді.
Салауатты өмір салты – жастардың жарқын болашағына бастар жол!
https://www.instagram.com/reel/DRb-QW3Cl41/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
4 “Б” сыныбында Денсаулық күніне арналған тәрбие сағаты өтті.
Біздің жас достарымыз денсаулықтың негізгі қағидаларын меңгерді:
Дұрыс ұйқы — күш-қуаттың бастауы!
Пайдалы ас — өсу мен дамудың кепілі!
Дұрыс тамақтану — салауатты өмір салтының кілті!
https://www.instagram.com/reel/DRb-vhliufo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
24 қараша күні, 5 «Б» сыныбында «Жақсы ұйқы + пайдалы ас + спорт = бұл менің таңдауым!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Оқушылар күнделікті өмірде маңызды үш дағдыны талқылады:
Дұрыс ұйқы — денсаулықтың негізі.
Пайдалы ас — дұрыс өсудің кепілі.
Спорт — белсенді өмір салтына бастар жол.
Сабақ барысында балалар өз ойларымен бөлісіп, пайдалы әдеттердің маңызын түсінді.
Салауатты таңдау — жарқын болашақтың кепілі!
Сынып жетекшісі:
Мадишева Гүлнұр Амангелдіқызы
https://www.instagram.com/reel/DRd1mXYCkLx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебімізде барлық сыныптарда «Денсаулық – зор байлық» атты қауіпсіздік сабақтары өтті!
1 желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған бұл шара аясында әр сыныпта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға денсаулықты қорғау, қауіпсіз мінез-құлық және салауатты өмір салты туралы маңыз¬ды ақпарат берілді.
9 «Б» сыныбындағы сабақтан үзінді.
Оқушылар белсенді талқылап, сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті.
Денсаулық туралы маңызды ойлар:
• Денсаулық — адамның ең қымбат байлығы.
• Алдын алу — емдеуден қашан да тиімді.
• Әр адам өз денсаулығына жауапты.
• Салауатты әдеттер – қауіпсіз болашақтың негізі.
• Дұрыс ақпарат – дұрыс таңдау жасатады.
Осындай сабақтар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DRtnuKLigcJ/?utm_source=ig_web_copy_link
Бастауыш сыныптарда мамандықтар бойынша танымдық сабақтар өтті
Мектебімізде «Мамандықтар әлемі» тақырыбында ақпараттық-құндылыққа негізделген танымдық сабақтар ұйымдастырылды.
Балалар түрлі мамандықтар туралы мәлімет алып, олардың қоғамдағы рөлін, атқаратын қызметін және маңызын білді.
Оқушылар дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші, құрылысшы, ғарышкер, полиция қызметкері секілді маман иелерінің жұмыстары туралы қызықты ақпарат тыңдап, өз армандарымен бөлісті.
Осындай сабақтар оқушылардың көкжиегін кеңейтіп, болашақта дұрыс мамандық таңдауға бағыт береді.
Балалар белсенді, қызығушылықпен қатысып, өз ойларын еркін жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DRyUIfBCpDj/?utm_source=ig_web_copy_link
12 қаңтар күні мектебіміздің барлық сыныптарында академиялық адалдық пен әділдікке бағытталған «Адалдық сағаты» өтті.
Бұл — жай ғана сынып сағаты емес,
бұл — ой салатын,
жүрекке жететін,
болашаққа бағыт беретін маңызды кездесу.
Адалдық — білімнің тірегі,
Әділдік — сенімнің негізі.
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып,
шынайы білімнің,
адал еңбектің,
әділ шешімнің маңызын терең түсінді.
Әр таңдауда адал болу —
үлкен жетістіктерге бастайтынын ұғынды.
Біз адалдықты таңдаймыз!
Біз әділ болашақты бірге құрамыз!
Адал ұрпақ — жарқын болашақтың кепілі!
https://www.instagram.com/reel/DTaKTU9irmg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сынып сағаттары аясында «Мен қарап тұрып, үндемедім… Ал сен ше?» тақырыбында мазмұнды әрі маңызды әңгіме өткізілді. Іс-шара «Буллингтен қорған!» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Оқушылар буллингтің мәні, оның түрлері мен салдары, сондай-ақ қиын жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары туралы ақпарат алды. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсінді.
Мұндай сынып сағаттары оқушылардың жауапкершілігін арттырып, жанашырлыққа тәрбиелейді және мектепте қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DTslcsijNvg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебіміздің барлық сыныптарында «Заң мен тәртіп: менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар:
құқық, міндет, жауапкершілік ұғымдарының мәнін талдады;
өз құқықтары мен міндеттерін нақты мысалдар арқылы саралады;
құқық бұзушылықтың салдары туралы пікір алмасты;
жағдаяттық тапсырмалар арқылы шешім қабылдау дағдыларын дамытты.
Оқушылар білім алу, еркін пікір білдіру, қауіпсіз ортада өмір сүру құқықтары туралы айтып, мектеп ережесін сақтау, тәртіпке бағыну, өзгелердің құқығын құрметтеу – әркімнің міндеті екенін атап өтті.
https://www.instagram.com/reel/DUzk2YvimhQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сынып сағаттары мектебіміздің барлық сыныптарында, оның ішінде бастауыш буында да жүйелі түрде өткізілді.
Бастауыш сынып оқушыларына құқық пен міндет ұғымдары қарапайым мысалдар, ойын элементтері және жағдаяттық тапсырмалар арқылы түсіндірілді. Олар өз құқықтарын атап қана қоймай, сыныптағы тәртіп ережелерін сақтаудың маңызын түсінді.
Орта және жоғары сынып оқушылары құқықтық жауапкершілік, заң бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Талқылау барысында оқушылар өз ойларын ашық айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді.
Нәтижесінде, оқушылар заңды білу – өз құқығын қорғау екенін, ал міндеттерді орындау – қоғам алдындағы жауапкершілік екенін түсінді.
https://www.instagram.com/reel/DUzlXKRim8T/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Сынып жетекшілер 2024 - 2025 ж 8 | |
| 2 | Сынып жетекшілер 2025 - 2026 |

