02.02.2026 жылы мектебімізде Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті.
Ардагерлер кеңесі – саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған ардагер ұстаздар мен қызметкерлерді бір арнаға тоғыстырып, олардың баға жетпес өмірлік және еңбек тәжірибесін жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған берекелі ұйым.
Кездесудің басты мақсаты – ардагер ұстаздардың өнегелі өмір жолын мектеп оқушылары мен жас мұғалімдерге үлгі ете отырып, жас ұрпақты елін сүйетін, Отанын құрметтейтін, үлкенге ізет, кішіге қамқор бола білетін азамат етіп тәрбиелеу.
Кездесу барысында мектептің Ардагерлер кеңесінің төрайымы Аймағанбет Дәмеш Өмірбекқызы ұжым алдында сөз сөйлеп, «Ардагерлер кеңесі – сабақтастық пен тағылым мектебі» тақырыбында ардагер ұстаздардың өмірлік және еңбек жолындағы мол тәжірибесі төңірегінде тағылымды ойларымен бөлісті.
Ардагер ұстаз жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, ұстаздық жолдың жауапкершілігі мен қадір-қасиетін тереңінен жеткізді. Өмірден түйген ақыл-кеңестері ұжым үшін үлкен өнеге болды.
Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді ұлықтау, мектеп тарихы мен рухани мұрасын сақтау, ардагер ұстаздардың еңбегіне құрмет көрсету мәселелері кеңінен қозғалды.
Бұл тағылымды басқосу ұжым мен жас мамандар үшін рухани азық болып, ұрпақтар сабақтастығының мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте айқындады. Осындай жүрекке жылу сыйлайтын кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
