1 қазан — Қарттар күні
Қариясы бар үйдің — қазынасы бар.
Бүгін — өмір жолы өнегеге, әрбір сөзі ақылға толы ардақты қарттарымызға құрмет көрсететин ерекше күн.
Сіздердің ақ баталарыңыз, жылы сөздеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз — кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра. Бізге соль-дәстүрді, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды үйреткен де — өздеріңіз.
Құрметти ата-әжелер, ардагер ұстаздар!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға амандық пен береке тілейміз. Әр күніңіз жақындарыңыздың мейірімі мен ықыласына бөленіп, жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз — бізге үлгі,
айтқан ақылдарыңыз — бізге бахыт,
ақ баталарыңыз — бізге күш.
Қарттарымыз аман болсын!
Қазыналы қарияларымыздың ғұмыры ұзақ болсын!


