2026 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласы, Сарыарқа ауданы Қорғаныс істері басқармасының бастапқы әскери дайындық жөніндегі инспекторы, запастағы полковник Жылқыбаев Есентай Жарқынбаевич
10–11 сынып оқушыларына арналған «Әскери оқу орындарына түсу» тақырыбында үгіт-насихат сабағын өткізді.
Сабақ барысында жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен қойылатын талаптар жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар:
«Отан – отбасынан басталады»,
«Жерің барда ірісің, тілің барда тірісің...»,
«Өз тілін, тарихын, салт-дәстүрін білмейтін адам Отанын да қорғай алмайды»
деген ұстанымдар негізінде оқушыларға рухани-патриоттық тәрбие берілді.
Іс-шараға қысқы демалысқа орай Алматы қаласынан келген жоғары әскери оқу орнының 3-курс курсанттары:
— Мұхтаров Әмір Маратұлы,
— Сағиев Әмір Қайратұлы
қатысып, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Аталған іс-шараны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бахытбек Заманбекұлы ұйымдастырды.