10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІ
Бүгін – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының күні
Абай – бір дәуірдің ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани шамшырақ. Оның әрбір қара сөзі мен өлеңінде білімге ұмтылу, адал еңбек ету, адамдық қасиетті биік қою идеясы жатыр.
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге», – деген Абай өсиеті бүгінгі жас ұрпақ үшін де аса маңызды.
Біздің міндетіміз – Абайды тек оқып қана қоймай, оның «Толық адам» идеясындағы талап, еңбек, терең ой, қанағат пен рақым секілді асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Абай мұрасы – тәрбие мектебі.
Абай сөзі – білімге бастар жол.
Абай тағылымы – адал азамат қалыптастырудың рухани негізі.
Ұлы ойшылдың мұрасы әрдайым санамызға сәуле, жүрегімізге бағыт берсін!


