Отырыс барысында:
Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
Тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру
Тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сынып жетекшілеріне АСПП қызметінің «Заң және тәртіп» айлығы шеңберіндегі негізгі бағыттары түсіндірілді.
Сынып жетекшісі - баланың тұлға болып қалыптасуындағы басты бағыттаушы,
тәрбие мен білімді, мектеп пен ата-ананы байланыстыратын маңызды тұлға.
Оның кәсіби қолдауы мен жанашырлығы оқушының қауіпсіз, жауапты әрі саналы азамат болып өсуіне негіз болады.
Сонымен қатар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ата-аналармен бірлескен алдын алу жұмыстары және оқушылар мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын алу жолдары қарастырылды.
Тәрбие - ортақ жауапкершілік!
