Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК кітапханасында
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
оқушылардың Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған ел тарихын таныту, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу және патриоттық сезімдерін ояту мақсатында
«Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Әдеби кешке 6 «А» және 10 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Кеш барысында қазақ халқының еркіндікке жету жолындағы қиын-қыстау кезеңдері туралы мағлұмат берілді.
Оқушылар Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер мен монологтар оқыды:
Құрманғали Кәусар, Қалқаман Сарин — «Тәуелсіздік»
Сартай Рамзан, Қайрат Рысқұлбеков — «Тәуелсіздік!» (монолог)
Сапар Елназ, Мұхтар Шаханов — «Заңдылық»
Отарбай Елназ — «Желтоқсан алаңындағы жыр»
Мұратбек Томирис, Қалқаман Сарин — «Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!»
Кітапханашы Камбарова Балғайша
«Тұғыры биік – Тәуелсіздік!» атты кітап көрмесін ұйымдастырып,
көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.
Іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, патриоттық рухын нығайта түсті.
