Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Жиналыс – мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы 🤝 ынтымақтастықты нығайту алаңы. Мұнда 📚 тәрбие, 📝 оқу процесі және 🎉 бірлескен іс-шаралар талқыланып, ортақ мақсатқа бірігу жүреді.

Бұл кездесуде басты назарға мектеп өміріндегі маңызды құндылықтар – ✨ Бірлік, Ынтымақ, Жауапкершілік және Әділдік алынды. 👨‍👩‍👧‍👦 Ата-ана мен мектептің өзара қолдауы осы құндылықтарды нығайтып, балалардың дамуына жағдай жасайды.

Жиналыс барысында:
👩‍🏫 мектеп директоры А.Е. Рамазанова @aigul_esenovna_r ішкі тәртіп ережелері мен оқу процесіне қатысты баяндама жасады;
🤝 ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасы сайланды;
📚 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Е. Тулбакан @tulbakan мен М. Омаров тәрбие және қосымша білім беру бағыттары туралы ой бөлісті;
🛡 жасөспірімдер инспекторы С. Ратова балалардың қауіпсіздігі үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жайлы кеңестер берді.

✨ Осындай кездесулер құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. 🌿