24 ақпанда 2026 жылы педагогтарға арналған мастер-класс өтті.
Тақырып — Notebook LM: ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа деңгейі
Спикер — Нурбаева Асель
Бүгінгі заманда көп білетін емес, ақпаратты тиімді әрі жылдам қолдана алатын маман алға шығатыны тағы да дәлелденді.
Мастер-класс барысында қатысушылар:
Notebook LM құралын тиімді пайдаланудың нақты жолдарын меңгерді
ақпаратты талдау және жүйелеу тәсілдерін үйренді
жазбаларды дайын идея мен жобаға айналдыру әдістерін тәжірибеде қолданды
жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде көмекші құрал ретінде пайдалануды түсінді
Бұл кездесу педагогтарға жаңа серпін, жаңа мотивация және жаңа мүмкіндіктер берді.
Заманауи мұғалім — үнемі ізденісте болатын мұғалім.
Ал кәсіби даму — табыстың негізгі кепілі.
Бірге дамимыз. Бірге өсеміз.


