Нурбаева А.Т. @assel_creative қатысушыларға GenM Bot пен GEMINI мүмкіндіктері туралы кеңінен айтып өтті. Шеберлік сағаты барысында жасанды интеллекттің білім беру саласындағы маңызы, оны тиімді пайдалану жолдары және заманауи технологиялардың болашаққа берер мүмкіндіктері таныстырылды.
Осындай мастер-класстар — жаңа білімге қадам, тың идеяларға жол және болашаққа сеніммен қараудың тамаша мүмкіндігі.
Бүгінгі кездесу әр қатысушыға шабыт сыйлап, цифрлық білім әлеміне деген қызығушылығын арттырды.
Білім алудан тоқтамаңыздар, ізденуден жалықпаңыздар!
Өйткені бүгінгі үйренген жаңа дағды — ертеңгі үлкен жетістіктің бастауы.


