4 ақпан 2026 жылы 10 «Г» сынып оқушылары сынып жетекшісі Аканова Лаура Салибековнамен бірге
Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайға танымдық экскурсия жасады.
Сапар барысында ақын шығармашылығын тереңірек зерттеуге бағытталған мазмұнды дәріс өтіп,
«Советстан» поэмасындағы жаңа қоғам идеясы мен поэтикалық пафос жан-жақты талқыланды.
Оқушылар туындының тарихи маңызы мен көркемдік ерекшеліктеріне назар аударып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, мұражай экспозицияларымен танысып, ақын-жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы құнды деректер алды.
Экскурсия оқушылардың тарихи-әдеби танымын кеңейтіп, рухани білімдерін толықтырған тағылымды шара болды.