Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бастамасымен және
Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы ұйымдастыруымен «Jambyl Schools» жобасы аясында Жамбыл Жабаев атындағы мектеп директорларының Zoom платформасында онлайн кездесуі өтті.
Кездесу өзара қолдау мен серіктестік рухында өтті. Мектеп директорлары сапалы білім беру мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында тәжірибе алмасып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендерін білдірді.
Басқосу кәсіби пікірталас алаңына айналып, басқарушылық тәжірибелер мен тиімді білім беру бастамалары талқыланды.
Бұл онлайн кездесу тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, рухани жаңғыру мен кәсіби дамуға серпін берген маңызды жиын болды.
Бірлік бар жерде – нәтиже бар!


