Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

5 қыркүйек – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні


Бүгін – қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Ол қазақ тіл білімінің негізін қалап, ұлттық әліпби мен оқу-ағарту саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Ұлт ұстазының бүкіл ғұмыры халқының сауатын ашуға, білім мен ғылымды дамытуға, елдің рухани санасын көтеруге арналды.
«Ғылымсыз – оқумен, оқусыз – ғылыммен ешнәрсе өнбейді».
– Ахмет Байтұрсынұлы
Бұл тағылымды сөз бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Білім мен ғылым – ел дамуының, ұлт болашағының басты тірегі. Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасы жас ұрпақты білімге ұмтылуға, ізденуге, еңбек етуге және елге адал қызмет етуге үндейді.
Ұлт ұстазының есімі мен еңбегі халқымыздың жадында мәңгі сақталады!