І жартыжылдықта зерттеу сабақтары тарих, алгебра және орыс тілі пәндері бойынша ұйымдастырылып, әр пән мұғалімі оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған түрлі интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданды.
Сабақ барысында оқушылардың оқу жетістіктері мен қиындықтары анықталып, тиімді оқыту стратегиялары талданды.
Мұғалімдер бірігіп өткізіп отырған Lesson Study үдерісі оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға, белсенді оқу ортасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Сабақ соңында педагогтар бірлесе рефлексия жасап, келесі қадамдарға арналған нақты ұсыныстарын айқындады.
Модераторлар: Прниязова Р.Ж., Дамыс Ж.
Жауапты: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бердакова Л.К.