Мектебімізге «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің» өкілі арнайы келіп, оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында колледждегі білім беру бағыттары таныстырылып, түрлі мамандықтардың қыр-сыры түсіндірілді.
Оқушылар **ет өңдеуші, техник-технолог, кондитер, модельер-пішуші** және басқа да сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұмат алды.
Кездесу соңында оқушылар өз сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы жауаптар алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың өз қабілетін танып, болашаққа нық қадам жасауына жол ашады.


