Абай күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК кітапханасында 10 «Г» сынып оқушыларына арналған тағылымды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханашысы Нұрғазина Дана көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолу жасап, оқушыларды ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Сондай-ақ ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі білім, еңбек, адамгершілік және рухани тәрбие тақырыптары кеңінен сөз болды.
Оқушылар Абайдың мол мұрасымен танысып, шығармалардан алған әсерлері мен ойларын ортаға салды.
Абай шығармалары – ұрпаққа рухани азық, білім мен адамгершілікке бастайтын асыл мұра. Ұлы ақынның өнегелі ойлары әрдайым жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, ізгілікке үндей бермек!

