2025 жылдың 23 қазанында Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы мектептері мен колледждерінің студенттік және мектеп парламенттерінің президенттерін ұлықтау рәсімі өтті.
Бұл маңызды іс-шара Республика күніне орай «Іс бастайтын уақыт» ұранымен және «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Сайлау науқанының қорытындысы бойынша елордамыздың барлық аудандарынан 74 белсенді жас өз оқу орнының президенті атанды.
Біздің мектебімізден де белсенді оқушылар осы салтанатты рәсімге қатысып, өз мектеп парламентінің атынан ант беріп, ел болашағына қызмет етуге уәде берді.
Олар – өз мектебінің намысын қорғауға, замандастарына үлгі болуға және азаматтық жауапкершілікті сезінуге дайын жас көшбасшылар!
