21.01 күні 8-сынып оқушылары арасында “Spelling Bee” байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың жазбаша тілдегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абрарова А.Ю. байқауды көңілді әрі танымды түрде ұйымдастырып, емле дағдыларын қалыптастырудың балама әдістерін көрсете білді.
“Spelling Bee” байқауы оқушыларға сөздік қорын кеңейтуге, ағылшын тілінің емле ерекшеліктерін меңгеруге және кездесетін қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.
Ойын форматында өткен іс-шара барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, үлкен қызығушылықпен қатысты.
