30.04.2026 жылы 10–11 сынып оқушыларының ата-аналарымен ««Альфа» буынының балалары және ата-аналардың жаңа тәрбиелік ұстанымдары» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында тақырыпқа сай ой қозғалып, жас ерекшелігіне сай оқушыларымыздың бүгінгі келбеті, мінез-құлқы мен әрекеттері, отбасындағы ата-ана қарым-қатынасының балаға әсері туралы өмірмен сабақтасқан әңгімелер айтылды.
Сонымен қатар елдің ертеңі, болашақтың иесі, ұлттық болмысымыз — ұл-қыздарды тәрбиелеудегі ата-ананың ұстанымдары, психологиялық қауіпсіздік пен үйлесімділік мәселелері талқыланды.
Шынайы тәжірибеге негізделген практикалық кейстер қарастырылды.
Құрметті сынып жетекшілер, бірлесіп атқарып жатқан жұмысымыз әрқашан берекелі әрі нәтижелі болсын!
Баланың мүддесі, оның психологиялық тұрғыда жан дүниесінің жайлылығы мен қауіпсіздігі жолында ата-аналармен бірлесе жұмыс атқара берейік!

