📌 Мәслихат депутаты Естек Қанат Ғалымжанұлы және «AMANAT» партиясы Байқоңыр аудандық @amanat.baiqonyr филиалының Атқарушы хатшысы Абдуллаев Дамир Даниярович ұстаздар ұжымымен жүздесіп, мазмұнды дәріс оқыды.
🎓 Лекция барысында жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның өзекті мәселелері, цифрлық өзгерістер және білім саласындағы жаңа бағыттар жайлы құнды ойлар ортаға салынды. Бұл тақырып педагогтар үшін үлкен қызығушылық тудырып, болашаққа бағыт-бағдар берді.
🌹 Сонымен қатар қадірлі қонақтар ұстаздарымызды Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтап, еңбектерін бағалап, арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
💙 Осындай жылы лебіз бен құрмет – әр ұстаз үшін ең үлкен қолдау. Бұл кездесу ұстаздар қауымына жаңа серпін беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.