23 қазан 2025 жылы Астана қаласының мектеп оқушылары арасында архив ісін және елдің құжаттық мұрасын насихаттауға бағытталған «АрхивSPACE» атты танымдық жоба өтті.
Бұл маңызды іс-шараға біздің мектебіміздің 9 «В» және 9 «Ж» сынып оқушылары белсене қатысты.
Жоба барысында оқушылар архив саласының маңыздылығымен, тарихи құжаттардың сақталу мәдениетімен танысып, ел тарихының дереккөздерімен жұмыс істеу дағдыларын арттырды. 🇰🇿
Мұндай танымдық бастамалар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, архив ісіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.