Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Жамбыл Жабаев атындағы «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Артық білім – кітапта...» атты кітап апталығының онкүндігі өз жалғасын табуда.
Осы игі бастама аясында «Кітап – білім бұлағы» зияткерлік күніне арналған челленджді 5 «Б» сынып оқушылары бастап кетті.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың алтын көпірі.
Жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығы – жарқын болашақтың кепілі. Осындай тағылымы мол шаралар арқылы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі артып, танымы тереңдей түседі.
5 «Б» сынып оқушыларының бұл бастамасы – білімге ұмтылудың, кітапқа деген құрметтің жарқын көрінісі.
Барша оқушыларды челленджге белсенді қатысуға, кітаппен дос болуға, ізденіске ұмтылуға шақырамыз!