Құтты жеңіс!
Республикалық Ұлттық мектеп лигасының волейболдан «Шұбар доп» жарысында Астана қаласының намысын қорғаған №4 мектеп-гимназия командасы жүлделі І орынға ие болды!
19 облыстан жиналған командалар қатысқан, 7 күн бойы өткен тартысты жарыста біздің мектептің командасы жоғары шеберлік пен нағыз командалық рухты көрсетті.
Астана қаласының көне мектептерінің бірі, 120 жылдық тарихы бар №4 мектеп-гимназия үшін бұл жеңіс — үлкен мақтаныш.
Команданы жеңіске жетелеген жетекші — Шомаев Айдар Танатканович.
Құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер тілейміз!


