Бүгін 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Astana Polytechnic жоғары колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Атап айтқанда:
Ақпараттық қауіпсіздік
Бағдарламалық қамтамасыз ету
Туризм
Мехатроника
Радиотехника
Электроника және телекоммуникациялар
Есеп және аудит
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауда маңызды бағыт-бағдар алды.
Мұндай кездесулер – жастардың кәсіби болашағын дұрыс таңдауына үлкен мүмкіндік береді!


