Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

28.04.2026 жыл мерзімінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» жұмысы аясында «Бірыңғай ашық есік» күні ұйымдастырылды.

1–4 сынып ата-аналарына арналған «Цифрлық қауіпсіздік және баланы қоғамдық ортада қорғау» тақырыбында педагог-психолог, жас маман Қуатбекова Фариза баяндама жасады.

5–9 сынып ата-аналарына арналған «Отбасында баланың күйзеліске төзімділігін қалыптастыру» тақырыбында @arshagul.moshke Мошке Аршагүл психологиялық тренинг өткізді.

Тренинг еркін, ашық форматта ұйымдастырылып, ата-аналардың белсенді қатысуына мүмкіндік берілді. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, бала тәрбиесіне қатысты алаңдататын мәселелерді талқылады, көзқарастарын білдіріп, тәжірибе алмасты.

Ашық диалог арқылы ата-аналар бір-бірін тыңдауға, түсінуге және қолдауға мүмкіндік алды.

Тренингтің мақсаты – баланың эмоционалдық тұрақтылығын дамыту жолдарын көрсету, қиындықтарды еңсеруге үйретуде отбасының рөлін түсіндіру, ата-аналарға қолдау көрсету мен дұрыс бағыт берудің маңыздылығын жеткізу.

Тренинг барысында теориялық мәліметтер практикалық жаттығулармен ұштастырылды. Ата-аналар күнделікті өмірде қолдануға болатын қызықты тапсырмалар орындап, шағын релаксациялық жаттығулар арқылы өз эмоцияларын реттеуді үйренді.

Сонымен қатар эмоция, энергия және эмпатияның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Эмпатия арқылы баланы түсіну, оның ішкі әлеміне үңілу, ал эмоция мен энергияны дұрыс бағыттау арқылы балаға қолдау көрсету жолдары нақты мысалдармен көрсетілді.

Тренинг ата-аналардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуына ықпал етті.