Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін мектебімізде Ы. Алтынсарин @altynsarin_akademiasy атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының директоры Аманжолов Дулат Аманжолұлының қатысуымен «Авторлық бағдарламаны әзірлеудің талаптары мен ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
 Іс-шара барысында педагогтерге авторлық оқу бағдарламаларын әзірлеу кезіндегі құрылымдық, мазмұндық және әдістемелік талаптар жөнінде құнды мәліметтер берілді.
 Семинар қатысушылары оқу бағдарламасын әзірлеудің практикалық қырларымен танысып, өз пәндеріне бейімдеу жолдарын талқылады.
 Мектеп директоры @aigul_esenovna_r Айгүл Есенқызы қатысушыларға алғысын білдіріп, білім беру сапасын арттыруда осындай ғылыми-әдістемелік кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті.
 Семинар ұстаздарға шығармашылық көзқараспен жұмыс істеуге және өз авторлық бағдарламаларын әзірлеуде жаңа серпін берді