Кездесуге «Республикалық медицина академиясының» @rma_college өкілдері қатысып, медицина саласындағы түрлі мамандықтар туралы жан-жақты мәлімет берді. Оқушылар:
емдеу ісі
мейіргер ісі
стоматология
акушер ісі
ортопедиялық стоматология
бағыттарымен танысты.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықтарын таңдауға қажетті бағыт-бағдар алды.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың саналы таңдау жасап, болашаққа нық қадам басуына зор мүмкіндік береді.


