Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында Ұстаздар күніне орай ардагер ұстаздарға арналған тағылымды шара ұйымдастырылды. Бұл күнде мектеп дәліздері жылулық пен құрметке толып, ардагерлеріміздің еңбегі айрықша дәріптелді.
🌹 Ардагер ұстаз, еңбек ардагері Нұрпейісова Шәрбән Алдажарқызы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Оның білім саласына қосқан зор үлесі – жас ұрпаққа сапалы білім беріп, талай шәкіртін ғылымға жетелеген еңбегі бүгінгі күні де лайықты бағаланып отыр.
🌸 Ұлағатты ұстаз Носиева Нағима Хамитовна кәсіподақ ұйымы тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұл – оның адал еңбегіне, мектеп қауымдастығына сіңірген үлесіне берілген зор алғыс.
Сонымен қатар, кеше мектебімізде ардагер ұстаздарымыздың қатысуымен ретро-сабақтар өтті. Олар өз тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізіп, дәстүрлі оқытудың құндылығын дәріптеді:
• Смагулова Забида Киконтаевна 4 «В» сыныбында математикадан «2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері» тақырыбында сабақ өткізіп, бастауыштағы балалардың білімге құштарлығын арттырды.
• Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызы бастауыш сыныптарда ретро-сабақ өткізіп, дәстүрлі әдістердің тәрбиелік маңызын көрсетті.
• Аймағанбет Дамежан Өмірбекқызы 9-сыныптарға тағылымды химия сабағын өткізіп, ғылымға деген қызығушылықты оятты.
Бұл шаралар – жас ұрпаққа үлгі, ұстаздық жолдың өлшеусіз қазына екенінің айғағы. 💙
«Ұстаз – мәңгілік шамшырақ, ал ұрпаққа қалдырған ізі – өлшеусіз қазына».