Бүгін мектебімізде өрт қауіпсіздігі бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтер мен оқушылар төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібін пысықтап, эвакуациялау жолдары мен қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тыңдады.
Оқу-жаттығудың мақсаты - оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі дайындық деңгейін арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және дұрыс әрекет ету дағдыларын жетілдіру.
Қауіпсіздік - баршамызға ортақ жауапкершілік!

