Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін ұжымымызда маңызды жиналыс өтті

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы, оның қоғамдағы орны мен әрбір азаматқа жүктейтін жауапкершілігі жан-жақты талқыланды. Ата Заңдағы басты қағидат - адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, сондай-ақ Заң мен Тәртіптің үстемдігі екені ерекше атап өтілді.

Конституция - бұл жай ғана заңдар жиынтығы емес. Ол - мемлекет дамуының бағытын айқындайтын, ортақ құндылықтарымыз бен болашаққа деген жауапкершілігімізді көрсететін негізгі құжат. Жаңа редакциядағы Конституцияда «Адам - мемлекеттің ең жоғары құндылығы» қағидаты нақты бекітілді.

Маңыздысы - бұл құжат халықтың кең қатысуымен қабылданды. Азаматтардың ұсыныстары ескеріліп, ашық әрі әділетті мемлекетке нақты қадам жасалды.

Бірлік пен ынтымақ, Заң мен Тәртіп, әділеттілік, еңбекке құрмет, экологиялық жауапкершілік - енді мұның бәрі конституциялық деңгейде бекітілген құндылықтар. Ал бұл қағидаттар біздің күнделікті жұмысымызда, ұжымдағы қарым-қатынасымызда көрініс табуы тиіс.

Әрқайсымыз өз ісімізбен ел дамуына үлес қосып, заңдылықты, кәсібилікті және азаматтық жауапкершілікті берік ұстануымыз қажет.

Жаңартылған Конституция - еліміздің жаңару жолындағы сенімді қадам.
Ал сол жолды нақты істермен жүзеге асыратын - біз.

Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болсын!