Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2026 жылғы 3 тамызда жаңа 2026–2027 оқу жылында 1-сынып табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлығының қысқамерзімді бағдарламасы аясында жүргізілетін жұмыстардың мазмұны жан-жақты таныстырылды.

Ата-аналарға:
2023 жылы Әдістемелік орталық базасында әзірленген, арнайы пән атаулары қарастырылмаған, мектепке бейімдеуге бағытталған бағдарлама;
2024 жылы Балаларды ерте дамыту институты әзірлеген, арнайы пән атаулары енгізілген мектепке даярлау бағдарламасы таныстырылып, олардың ерекшеліктері түсіндірілді.

«Балақайлар мектебінің» негізгі мақсаты – бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне табысты бейімделуіне қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.

Бұйрықпен бекітілген бағдарлама бойынша жұмыс жүргізетін бастауыш сынып мұғалімдері:
Т. Маменова
Ж. Сегізбаева
Ж. Ибраева
А. Ильдебаева

Мектеп психологі А. Мошке ата-аналарға бірінші сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығы, бейімделу кезеңінің ерекшеліктері және осы кезеңде балаға көрсетілетін ата-аналық қолдау туралы ағартушылық жұмыс жүргізді.

Жиналыс қорытындысында ата-аналар Балаларды ерте дамыту институты әзірлеген бағдарламаны қолдайтындарын білдіріп, балаларын осы бағдарлама негізінде оқыту жөнінде ұсыныс жасады.

Бала мүддесі – басты құндылық!

Осыған байланысты бірінші сынып оқушыларының мектепке табысты бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілері, мектеп психологі және ата-аналар өзара ынтымақтастықта, бірлесіп әрі жүйелі жұмыс жүргізуге келісті