Балаларға – мейіріммен дайындалған дәм
Мектебіміздің асханасында әр тағам балаларымыздың денсаулығы мен жақсы көңіл күйі үшін ерекше ықыласпен дайындалады. Ыстық әрі құнарлы ас, пайдалы тағамдар мен жаңа піскен хош иісті бәліштер – аспаздарымыздың күнделікті еңбегі мен қамқорлығының нәтижесі.
Баланың дұрыс тамақтануы – оның сергектігіне, сабаққа деген белсенділігіне және үйлесімді дамуына әсер етеді. Сондықтан ас мәзірінде тағамның дәмі мен сапасына, тазалығы мен құнарлылығына айрықша көңіл бөлінеді.
Әр баланың:
– тәбеті жақсы;
– денсаулығы мықты;
– көңіл күйі көтеріңкі болсын!
Балаларымызға дәмді әрі пайдалы ас әзірлеп, әр тағамға мейірімін қосатын асхана қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Дұрыс тамақтану – дені сау әрі жарқын болашақтың бастауы!

