Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Мектебімізде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Батыр, Айдаһар және Сиқыршы» тақырыбында іскерлік ойын өткізілді.
Іс-шара спикері — А.Т. Нурбаева
Ойын барысында қатысушылар метафоралық образдар арқылы оқушының оқу жолын тереңірек талдады:
Батыр – оқушының бейнесі,
Айдаһар – оқушының ішкі қорқынышы, сенімсіздігі мен қиындықтары,
Сиқыршы – оқушыға бағыт-бағдар беретін, жігерлендіретін, мотивация сыйлайтын мұғалім бейнесі.
Іс-шара барысында ұстаздар оқушыны қолдаудың маңызын, оның ішкі сенімін нығайту жолдарын және мұғалімнің шабыттандырушы рөлін талқылады.
Ойын қорытындысы мұғалімнің тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге оқушыға сенім ұялататын, қанаттандыратын, алға жетелейтін тұлға екенін тағы бір мәрте айқындады.