Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Астана қаласы , Байқоңыр ауданы , Ш.Айманов 3  
+8 (711 2) 51 39 20
+8 (711 2) 50 95 72
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

«Білім көшбасшысы» – мектепішілік кітап оқу турнирі басталады! 
Оқуға құштар, білімге ынталы, өз ойын еркін жеткізе алатын нағыз көшбасшылар дәл осы жерден шығады!

Кітап – кез келген адамның ең мықты ұстазы. Ал бұл турнир – сенің ойлау қабілетіңді, есте сақтау қабілетіңді, сөйлеу мәдениетіңді, логикалық ойыңды дәлелдейтін үлкен мүмкіндік. 

Неге қатысу керек?

Өйткені бұл турнир:
Саған кітапты жаңа қырынан тануға көмектеседі;
Ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыңды дамытады;
Өз пікіріңді анық, сенімді жеткізуге үйретеді;
Командалық рухты қалыптастырады;
Ең бастысы — білім көшбасшысы» атануға жол ашады!

Турнир кезеңдері:

3–4 сыныптар: 2 желтоқсан

5–7 сыныптар: 10–12 желтоқсан

8–10 сыныптар: Қаңтардың соңғы аптасы
Өтетін орны: Акт залы
Ұйымдастырушы: Өзін-өзі басқару ұйымы

Әр кезеңде сыныптар бір-бірімен тікелей жарысып, сұрақтарға дұрыс әрі толық жауап беру арқылы ұпай жинайды. Ең үздіктер — финалға өтеді!

Әр сыныпқа арналған кітаптар:

3-сынып – «Балалық шаққа саяхат» (Б. Соқпақбаев)
4-сынып – «Менің атым Қожа» (Б. Соқпақбаев)
5-сынып – «Ұшқан ұя» (Б. Момышұлы)
6-сынып – «Жусан иісі» (С. Мұратбеков)
7-сынып – «Көксерек» (М. Әуезов)
8-сынып – «Апамның астауы» (О. Бөкей)
9-сынып – «Абай жолы» І том
10-сынып – «Абай жолы» ІІ том

Қатыс та – өзіңді жаңа қырынан таны!

Кітап оқу – жай міндет емес, көшбасшы болуға жетелейтін ең қысқа жол.
Сенің ойың, сенің сөзің, сенің білімің – жеңіске бастайтын күш!

Ал сен «Білім көшбасшысы» атағына дайынсың ба?
Төменге жазыңдар: Қай сынып? Қандай кітапты оқуға кірістіңдер?