Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ташкент қаласындағы Олимпиада аренасында өткен Amateur MMA-дан Азия чемпионатында мектебіміздің 11-сынып оқушысы Абаева Гүлнұр 16–17 жас аралығындағы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды!
Бұл жеңіс — тек спорттағы жетістік емес. Бұл — күн сайынғы еңбек, төзім, тәртіп, қайсар мінез және өз мақсатына деген сенімнің нәтижесі. Нағыз чемпиондар қиындықтан қашпайды, керісінше, әр сынақтан күшейіп шығады.
Гүлнұр халықаралық аренада Қазақстанның, TOBET TOP TEAM жекпе-жек академиясының және мектебіміздің намысын абыроймен қорғады.
Біз Гүлнұрдың қайсар рухын, еңбекқорлығын және жарқын жеңісін мақтан тұтамыз! Бұл жетістік барлық оқушыларға үлкен мотивация: арманға жету үшін сенім, еңбек және табандылық қажет.
Гүлнұр, жеңісің құтты болсын! Алдағы жолың ашық, биігің көп болсын!