Бірге төгілген тер, бір-біріне деген сенім, әр ұпай үшін күрес… Осы еңбектің қуанышын бүгін мектебімізбен бірге бөлісіп отырмыз!
Астана қаласындағы «Алан» спорт кешенінде спорт мектептері мен қала мектептерінің командалары арасында өткен волейбол жарысында мектебіміздің командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді!
Алаңда балаларымыз бірін-бірі қолдап, қиын сәтте жігер беріп, жеңіске бірге ұмтылды. Олардың ұйымшылдығы мен табандылығы біз үшін ерекше мақтаныш!
Қуанышымызды еселей түскен жаңалық — мектебіміздің оқушысы Сакен Абдинур турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды! Абдинур, шеберлігің шыңдалып, жеңісті сәттерің көбейе берсін!
Оқушыларды жарысқа дайындап, өз күшіне сенуге және команда болып әрекет етуге баулыған жетекшісі Шомаев Айдар Таңатқанұлына шынайы алғыс білдіреміз! Әр баланың жетістігінде ұстаздың еңбегі мен сенімі бар.
Қымбатты балалар, жүлделерің құтты болсын! Спортқа деген сүйіспеншіліктерің мен бірліктерің сендерді әлі талай биікке жетелесін. Біз сендермен мақтанамыз!

