Бүгін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы мен «Басқару колледжі» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
🤝 Құжатқа колледждің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Т.Садуакасов мен гимназия директоры А.Е. Рамазанова қол қойды.
Кәсіптер жылы аясында бұл келісім ерекше маңызға ие:
🔹 оқушылар «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» (06121000) бағыты бойынша тәжірибелік білім мен дағдыларға ие болады;
🔹 колледж оқытушыларының жетекшілігімен курстар, шеберлік сабақтары, тренингтер мен жобалық жұмыстар ұйымдастырылады;
🔹 басымдық – компьютерлік техника мен цифрлық технологиялар саласына беріледі.
🇰🇿 Бұл мектеп пен колледж арасындағы серіктестіктің жас ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер беріп, Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатынының айқын дәлелі!