11-сынып оқушыларына «Дұрыс мамандық таңдау - жарқын болашақ кепілі» тақырыбында маңызды ақпарат берілді.
Шара барысында оқушыларға
грант түрлері, жоғары оқу орындары мен колледждер,
сондай-ақ мамандық таңдаудағы негізгі ерекшеліктер туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды.
Қамтылған бағыттар:
Мемлекеттік және мақсатты гранттар
Қазақстандағы жетекші университеттер мен колледждер
Мамандық таңдауда ескерілетін қабілет, қызығушылық және еңбек нарығындағы сұраныс
Болашақ мамандықтың артықшылықтары мен жауапкершілігі
11-сынып оқушыларына арналған пайдалы кеңестер
Ақпарат беру барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып,
болашақ мамандық туралы ой қалыптастырды.
Мұндай шаралар оқушылардың саналы таңдау жасауына және
өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Өткізгендер:11 сынып жетекшілері
Ұйымдастырушылар: Совет Аяулым, Бердакова Л.К.
Болашақ - бүгінгі таңдаудан басталады!
Әр оқушы өз қабілетін танып,
дұрыс мамандықты сеніммен таңдасын!
Арманға апарар жол - білім мен мақсатта!