26 қарашa күні біздің 9 - сынып оқушыларымыз Басқару @baskaru__college колледжінде өткен Ашық есік күніне қатысып, колледждің оқу процесімен және мамандықтар әлемімен жақын танысты.
Экскурсия барысында балалар бірнеше бағыттарды көрді:
- Қонақ үй ісі - қонақүй қызметін ұйымдастыру, сервис мәдениеті
- Дизайн - интерьер, графика, композиция негіздері
- Компьютерлік дизайн - цифрлық графика, анимация, мультимедия
- Тамақтандыру қызметі және басқа да маңызды, сұранысқа ие салалар
Колледж мамандары әр бөлімнің ерекшеліктерін түсіндіріп, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға бағыт беретін пайдалы ақпарат ұсынды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа мүмкіндіктерді зерттеді.
Бұл экскурсия - оқушыларымыздың кәсіби қызығушылығын арттырып, болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен мүмкіндік болды.
Ұйымдастырушы: Совет Аяулым