Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Кіру
AA+
Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Ш.Айманов 3  
8 (7172) 50-16-53
8 (7172) 50-14-76
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШЖҚМКК
Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін біздің 9–11 сынып оқушылары Басқару колледжімен @baskaru__college бірлескен меморандум аясында
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» бағыты бойынша практикалық сабаққа қатысты.

 Сабақ барысында оқушылар:
• дербес компьютердің құрылғыларын танып, компоненттерін зерттеді;
• процессор, аналық плата, жад, диск, қуат көзі сияқты маңызды бөлшектерді талдады;
• компьютерді жинау және теңшеу бойынша алғашқы дағдыларын қалыптастырды;
• ақпараттық желілердің негізін түсініп, заманауи ІТ мамандығының қырларын көрді.

 Бұл сабақ — оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, техникалық салаға деген қызығушылығын арттырған маңызды тәжірибе болды.
IT саласы — бүгінгі күннің ең сұранысқа ие бағыттарының бірі. Ал бүгінгі практикалық сабақ – осы үлкен әлемге алғашқы сенімді қадам!

 Біз әр оқушының өз қабілетін ашуына, болашағын саналы таңдауға жағдай жасауға әрқашан дайынбыз!