Буллинг пен төбелестің алдын алу – ортақ міндет
Мектебімізде оқушылар арасында буллингтің, әлімжеттіктің және төбелестің алдын алуға бағытталған профилактикалық дәріс өтті.
Кездесуді КПБ аға жедел уәкілі, полиция майоры Жұмабаев Мақсат Бақытжанұлы өткізді.
Дәріс барысында буллингтің түрлері мен салдары, жанжал кезінде дұрыс әрекет ету, өзгенің құқығы мен ар-намысын құрметтеу, сондай-ақ құқық бұзушылық үшін қарастырылған жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді.
Оқушыларға қиын жағдайға тап болған кезде үнсіз қалмай, ата-анаға, мұғалімге немесе мектеп психологіне жүгіну қажеттігі түсіндірілді.
Қауіпсіз мектеп – өзара сыйластық, жауапкершілік пен мейірімділіктен басталады.

