2025 жылдың 11 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық іріктеу кезеңі №4 мектеп-гимназия базасында өтті.
Мақсаты: жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заманауи көзқарас қалыптастыру.
Олимпиада үш бағыт бойынша өткізілді:
1. Жас педагогтер
2. Психологтер
3. Тәлімгерлер
Бұл олимпиада ұстаздарға өз кәсібіне деген сүйіспеншілікті жаңа деңгейде танытып, тәжірибе алмасуға және шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік берді.
Ұстаздарға шабыт, табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!