Бүгінгі бала интернетті тек ойын-сауық үшін емес, оқу, қымар-қатынас, ақпарат іздеу үшін де күн сайын қолданады. Сондықтан цифрлық қауіпсиздік — тек баланың емес, ең алдымен ата-ананың назарын қажет ететін мәселе.
Кибербуллинг, алаяқтық, фишинг, қауіпті контент, бейтаныс адамдармен байланыс, жеке мәліметтердің таралуы — бала интернетте кездесуи мүмкін қауіптердің бір бөлігі ғана.
Әке ретинде не истей аламыз?
- Құрылғыдағы қауіпсиздік баптауларын бірге тексеру
- Күрдели құпиясөз қолдануды үйрету
- Жеке мәліметти интернетте жарияламау керектігін түсіндіру
- Күмәнді сілтемелерді ашпауға дағдыландыру
- Экран уақытын бірге реттеу
- Ең бастысы — баламен ашық сөйлесу
Бала интернетте бір жа ғдайға тап болғанда: «Әкем ұрсады» деп қорықпай, «Әкеме айта аламын» деп ойлауы керек.
Цифрлық қауіпсиздік — тек бақылау емес. Бұл — сеньим, түсіндіру және бірге қалыптастырылған қауіпсиз әдеттер.
Карусельді парақтап, балаңыздың цифрлық қауіпсіздігі үшін бүгіннен бастап қолдануға болатын қарапайым ережелермен танысыңыз.
Қауіпсіз цифрлық орта — отбасыдан басталады.

